ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
24.10.2025, 13:00

Қостанай епархиясының өкілдері Рухани келісім күніне арналған іс-шараларға қатысты

Қостанай епархиясының өкілдері Рухани келісім күніне арналған іс-шараларға қатысты

18 қазан 2025 жыл. Қостанай. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде қаладағы діни ұйымдардың жетекшілері мен өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қостанай өңірлік университетінің Жастар ісі басқаомасымен және этносаралық және конфессияаралық келісімді зерттеу Орталығымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: діни ұйымдардың өкілдері, студенттер, студенттер парламентінің және этномәдени бірлестіктердің мүшелері.

Қостанай епархиясының уақытша басқарушысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен іс-шараға Қостанайдағы Константино-Еленинский кафедралды соборының клиригі протоиерей Виталий Клеба қатысты.

Отырыс барысында қаладағы діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері баяндама жасады. Иерей Виталий Клеба «Бейбітшілік пен келісім қоғамның рухани құндылықтары ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі рухани бірлікті, ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін талқылады.

Дәл осы күні Қостанайда Қостанай облысының діни ұйымдары арасында волейболдан турнир өтті.

Іс-шараның мақсаты – конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту, достық байланыстарды дамыту, өңірдегі түрлі конфессия өкілдерінің бірлігіне ықпал ету.

Жарысқа Қостанай епархиясының құрама командасы мен Константино-Еленинский кафедралды соборының командасы қатысты.

Турнир басталар алдында жиналғандарға Қостанай қаласының Михаило-Архангельский шіркеуінің басшысы иерей Алексей Ковалев құттықтау сөзін сөйледі. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Қостанай епархиясының командасы екінші орын алды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді