22 желтоқсан, 2025 жыл. Астана.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының резиденциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунций, архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесуі өтті.
Кездесуге елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.
Митрополит Александр Ватикан елшісін Католик Шіркеуі 25 желтоқсанда атап өтетін келе жатқан Рождество Христово мерекесімен құттықтады.
Билеуші митрополит сұхбаттасына Қазақстан Митрополитік округінің өміріндегі маңызды оқиғалар туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Түркістан жерінің тұңғыш архипастыры, Ұлы Даланың апостолы атанған архиепископ Софонийдың (Сокольский) дүниеге келгеніне 225 жыл толуына арналған мерекелік шаралар, сондай-ақ Шымкент және Қарағанды епархияларына жасаған архипастырлық сапарлары, қазақстандық парламентарийлермен, облыстар мен қалалардың мемлекеттік басшылығымен, дипломатиялық миссиялар жетекшілерімен өткен кездесулері жөнінде баяндады.
Нунций Жоғары Мәртебеліге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың Ватиканға жасаған сапары туралы хабарлап, оның барысында Маулен Сағатханұлы Рим Папасы Лев XIV-пен кездесіп, дінаралық ынтымақтастық пен қазіргі заманның сын-қатерлеріне арналған дөңгелек үстелге қатысқанын хабарлады.
Кездесу барысында дін, мемлекет және қоғамның өзара іс-қимылы арқылы отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды, кездесуге қатысушылар дәстүрлі конфессиялардың әлеуметтік үдерістердегі, қоғамдық адамгершілікті орнықтырудағы, азаматтық қоғамда бейбітшілік пен келісімді қалыптастырудағы, сондай-ақ ұлтаралық алауыздықтың алдын алудағы оң рөлін атап өтті.
Тараптар Қазақстандағы христианаралық және дінаралық диалогтың жай-күйі жөнінде пікір алмасып, қалыптасқан жағдайға өзара қанағаттанушылық білдірді және оның даму перспективаларын оң бағалады.
Кездесу соңында митрополит Александр мен архиепископ Джордж бір-біріне зор денсаулық пен еңбектерінде табыс тіледі.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр