11 тамыз 2024 жыл. Астана. Құтқарушы Христостың кафедралды Лютеран шіркеуінің пасторы Ростислав Новгородов епископ болып тағайындалды.
Қазақстандағы Евангелдік-лютерандық шіркеуі синодының 2024 жылғы 9 тамыздағы шешімімен епископ Ростислав Новгородов ҚР ЕЛШ басшысы архиепископ Юрий Новгородовтың орнына келді.
Тағайындауға қатысқандар: ҚР ЕЛШ архиепископы Юрий Новгородов, Ресей ЕЛШ архиепископы Владимир Проворов, ЕР ЕЛШ епископы Сергей Голцверт, Грузия және Оңтүстік Кавказ ЕЛШ епископы Рольф Барайс.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен салтанатты жиынға астаналық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.
Сергий әке өзінің құттықтау сөзінде соңғы бірнеше жылда Қазақстан православие шіркеуі мен Қазақстандағы Евангелдік-лютеран шіркеуі арасында қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және конфессияаралық диалогты дамытуға бағытталған ынтымақтастық дамып келе жатқанын атап өтті. Астана шіркеу округінің құрметті өкілі бұл достыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Бір күн бұрын Евангелдік-лютерандық шіркеуінің делегациясы Успен кафедралды шіркеуіне және Қазақстан митрополиттік округінің Кирилл мен Мефодийге тең апостолдар атындағы әкімшілік, діни және мәдени орталығына барды.
Делегация құрамында: РФ ЕЛШ архиепископы Владимир Проворов, ЕР ЕЛШ епископы Сергей Голцверт, пастор Ростислав Новгородов, Қазақстанның лютерандық қауымдарының өкілдері болды.
Архимандрит Сергий (Карамышев) қонақтарға экскурсия жасап, ғибадатхананың құрылысы мен әшекеленуі, Палех қаласының (Ресей, Иваново облысы) шебер изографтар артелімен жүргізілген қабырғалар мен күмбездердің кескіндемесі, үйлестірілуі туралы, XVII ғасыр дәстүрі бойынша көрнекі белгішелері Феодор Стратилата (Ресей, Кострома қаласы) атындағы көркем-өндірістік шеберхананың оюшыларымен безендіріліп, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов салғанын айтып берді. Елорданың құрметті өкілі Успен шіркеуіне көрнекті мемлекеттік, дін және қоғам қайраткерлері, соның ішінде православие шіркеулерінің приматтары мен иерархтары, дәстүрлі конфессия жетекшілері, елдердің президенттері мен үкімет басшылары келгенін ерекше атап өтті.
Қонақтар шіркеудің қасиеттілерінің алдында шамдар жақты.
Келесі кезекте лютерандық шіркеу өкілдері Қазақстан Митрополиттік округінің тең апостолдары Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығында болып, Қазақстанның жаңа шейіттері мен діндарлар мұражайының көрмелерімен танысып, құрметті қонақтар кітабында жазбалар қалдырды.
Құрметті өкіл мен Евангелдік-лютерандық шіркеу делегациясы арасындағы әңгіме рухани-мәдени орталықтың камин бөлмесінде жалғасты.
Әңгімелесу барысында архимандрит Сергий (Карамышев) қонақтарды Қазақстан митрополиттік округінің тыныс-тіршілігімен таныстырды, епархиялар, приходтар мен діни қызметкерлер санына қатысты статистикалық мәліметтерді ұсынды, сондай-ақ білім беру, мәдени, жастар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндады.
Жылы атмосферада өткен сұхбат соңында кездесуге қатысушылар естелік сыйлықтармен алмасып, игі істер мен бастамаларға сәттілік тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр