Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипасторлық абыройлы қызмет атқарғанына 35 жыл толуымен құттықтады:
Құрметті Астана және Қазақстанның Митрополиті Александр!
Архипасторлық қызметіңізге 35 жыл толуына орай шын жүректен құттықтауларымды қабыл алыңыз!
Сіз осы атаулы күнді екінші Отаныңызға айналған Қазақстан жерінде тойлап отырсыз. Сіз 15 жылға жуық уақыт бойы оның рухани дамуы үшін бар күш-жігеріңізді салып, Республикамызда бейбітшілік, достық пен келісім мұраттарын орнықтырудасыз.
Православиелік христиандар мен ислам және барлық дәстүрлі діни конфессиялар өкілдерінің бейбіт ынтымақтастығы мәселелеріне Сіздің ерекше көңіл бөлетініңіз бізді қуантады. Сіз басқаратын Православие Шіркеуінің епископаты мен дінбасылары өз қауымын үнемі мұсылмандарға құрмет рухында тәрбиелеп, мемлекетіміздің әлеуметтік, білім беру және мәдени жобаларына белсенді қатысуға шақырады.
Сіздің жан-жақты жасампаздық және бітімгершілік қызметіңіз еліміздегі дәстүрлі конфессия өкілдері мен қалың жұртшылықтың үлкен құрметіне бөленді.
Осы салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, Қазақстан халқының ізгі жолындағы барлық игі істеріңізде Құдіреті шексіз Жаратқанның көмегін тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр