4 қазан 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Православие Шіркеуінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан және Орталық Азия католиктік епископтары конференциясының төрағасы, Оңтүстік астанадағы Қасиетті Троица рим-католиктік епархиясының басшысы епископ Хосе Луис Мумбиела Сиеррамен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы діни семинариясының ректоры м.а.,Митрополит округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы, протоиерей Евгений Иванов, Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров; Хаттама қызметінің басшысы, протодиакон Роман Головин.
Митрополит Александр епископ Хосе Луиске «Бейбітшілік пен келісім» (Мир и Согласие) орденін табыс етті. Шіркеу назарының бұл ерекше белгісін католик иерархы Қазақстандағы конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімді орнатуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Архипастор келген қонаққа 2024 жылы Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толып жатқан Қазақстан митрополиттік округінің тыныс-тіршілігі, Алматы православиелік діни семинариясының қызметі, түрлі ағартушылық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.
Митрополит епископ Хосе Луистің назарын Қазақстан жеріне Мәскеу және бүкіл Ресейдің қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен Иверско-Серафимовский монастырінің София соборына Мәскеудің қасиетті Матронасының жәдігерліктеріне тағзым ету үшін келген қажылардың көптігіне аударды.
Митрополит Александр католиктік епископпен 29 қыркүйекте Астанада өткен Қазақстан Республикасындағы апостолдық нунций архиепископы Джордж Панамтундилмен кездесуден алған әсерімен бөлісті.
Епископ Хосе Луис митрополит Александрға Алматыдағы католиктік қауымның өмірі туралы айтып берді.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Қазақстандағы әлемге әйгілі христиандық жәдігер – Турин Жамылғысына арналған көрмені талқылау болды.
Кездесу барысында дәстүрлі діндердің қазақ қоғамы өміріндегі рөліне қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында тараптар бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Митрополит Александр қонаққа өзінің ғылыми еңбегін – «Орталық Азиядағы христиан дінінің тарихы» кітабын және Митрополит округінің 2025 жылға арналған күнтізбесін сыйлады. Епископ Хосе Луис митрополитке елдің католиктік қауымдастығы үшін шығарылған катехизисті сыйға тартты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр