ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
11.10.2024, 15:45

Митрополиттік округінің істері басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXII отырысына қатысты

Митрополиттік округінің істері басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXII отырысына қатысты
8 қазан 2024 жыл. Астана қаласы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев төрағалығымен Қазақстан астанасында Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXII отырысы өтті.
 
Хатшылық отырысына Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Митрополит Астана және Қазақстан Александрдың батасымен Қаскелең епископы Геннадий, Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы және Успен кафедралды соборының басшысы протоиерей Димитрий Байдек қатысты.
 
Отырысқа әлемдік және дәстүрлі діндердің діни көшбасшылары – Ресей, Әзірбайжан, Ватикан, Ұлыбритания, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы, Монғолия, БАӘ, Пәкістан, Португалия, Корея, Таиланд, Швейцария және Жапония елдерінен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысты. Конференцияға сондай-ақ Қазақстаннан және басқа елдерден парламентария, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
Жиналғандар заманауи сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру жөнінде пікір алмасып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы мәселелерді талқылап, алдағы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің күн тәртібін айқындады.
 
Сөз сөйлеу барысында кездесуге қатысушылар бейбітшілікті сақтау, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
 
Жиын қорытындысы бойынша Ізгі ниет Елшілері сайланып, дін өкілдерін құрметті медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
 
9 қазанда Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамасымен «Ортақ болашақты қалыптастыру: дінаралық диалогты нығайтудағы жас көшбасшылардың рөлі» атты жас дін көшбасшыларының форумы өтті.
 
Қатысушылар – әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
 
Панельдік сессиялар барысында олар жаңа технологиялар дәуіріндегі рухани құндылықтарды, соның ішінде жасанды интеллекттің қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ қатысушылар әлемнің тұрақты дамуындағы жас көшбасшылардың рөлін талқылады.
 
Сонымен қатар, Успен кафедралды соборының негізгі спикері протоиерей Димитрий Байдек баяндама жасады, ол Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың атынан құттықтау сөз сөйледі, одан кейін жиналғандарға жас ұрпақты тәрбиелеудің христиандық принциптері туралы мысалдар келтіре отырып айтып берді.
 
Отырыс нәтижесінде жас дін көшбасшыларының бірлескен үндеуі қабылданып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.
 
Сондай-ақ, осы шара аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің діни материалдарының электронды кітапханасының тұсаукесері өтті.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді