22 қазан 2024 жыл. Алматы. «BeFine» қонақүйінің мәжіліс залында «Multi-Faith Neighbors Network» (Көп конфессиялы көршілер желісі) мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен конфессияаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестік мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға қазақстандық діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен дөңгелек үстелге қатыстқандар: Алматы діни семинариясының оқытушылары , Қазақстан митрополиті округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Вознесенский соборының негізгі баяндамашысы, протоиерей Александр Суворов., және Оңтүстік астананың Петропавловский шіркеуінің діни қызметкері иерей Кирилл Громов.
Сөйлесу барысында конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестіктің этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілері қозғалды. Қатысушылар діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас пен адам құқықтарын қорғау қағидаттарын реттейтін маңызды тарихи құжаттар мен заманауи құқықтық нормаларға талдау жасады.
Протоиерей Александр мен иерей Кирилл өз сөзінде әртүрлі діни бірлестіктердің үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін құқық негізін сақтау маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанда қалыптасқан этносаралық және дінаралық ынтымақтастықтың бірегей үлгісінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар өзара құрмет пен құқықтық жауапкершілікке негізделген диалогты одан әрі дамыту қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал ететіндігі туралы ортақ пікірге келді.
Достық жағдайда өткен шара соңында ұжымдық суретке түсірілді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр