ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
26.10.2024, 13:00

Петропавл епархиясының басқарушысы Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған конференцияға қатысты

Петропавл епархиясының басқарушысы Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған конференцияға қатысты
18 қазан 2024 жыл. Петропавл қаласы. Оқушылар сарайының мәжіліс залында Солтүстік Қазақстанның діни ұйымдарының жетекшілері мен өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған конференция өтті.
 
Форумның бастамашысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенов болды.
 
Іс-шараға қатысқандар: Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир, епархия басқармасының хатшысы протоиерей Сергий Первушин, апостолдар Петр мен Павел атындағы шіркеудің басшысы  протоиерей Сергий Снопков, Бескөл шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Дмитрий Жулсарин, Мамлют шіркеу округінің құрметті өкілі діни қызметкер Евгений Столяров, Петропавл  қасиетті шейіті Мефодия атындағы шіркеудің басшысы иерей Михаил Березин, Бескөл жеріндегі Құдай ананың Покров шіркеуінің басшысы иерей Антоний Чуриков, диакон Владимир Бартоль, Солтүстік Қазақстанның бас имамы Хамзат-қажы Әділбеков, Рим-католик шіркеуінің діни қызметкері, Киелі Үшбірлік приходының викарийі Павел Мрочек, Петропавл қаласы әкімдігінің және діни бірлестіктердің өкілдері.
 
Жиналғандар алдында Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенов құттықтау сөзін сөйледі. Роуза Ивановна жиналғандарды Қазақстан Республикасы халқының Рухани келісім күнімен құттықтап, діни ұйымдардың жетекшілеріне еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен ынтымақтастықты нығайтуда жемісті еңбек тіледі.
 
Отырыс барысында Петропавл және Булаевск архиепископы Владимир, Солтүстік Қазақстанның бас имамы Хамзат-қажы Әділбеков, Рим-католик шіркеуінің діни қызметкері, Киелі Үшбірлік приходының викарийі Павел Мрочек, діни бірлестіктердің жетекшілері баяндамарын оқыды.
 
Петропавл епархиясының басшысы өз сөзінде қазақстандықтардың дәстүрлі құндылықтарын сақтаудағы діни бірлестіктер қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қоғамды жік-жікке бөлетін, мемлекет пен отбасының іргетасына нұқсан келтіретін радикалды ілімдердің таралуына жол бермеу үшін ақпараттық жұмыс қажеттігін баса айтты.
 
Келесі кезекте конференцияға қатысушылар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, рухани бірлікті сақтау мен қайырымдылық шараларын талқылады.
 
Іс-шараның негізгі бөлімінен кейін Дін және қоғам қайраткерлері мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімін Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
 
Марапаттаушылар қатарында Вознесенский соборының діни қызметкері диакон Владимир Бартол да болды.
 
Достық жағдайда өткен форум соңында қатысушылар бірге шай ішті.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді