12 қараша 2024 жылы Мәскеуде «Петербург диалогы» Ресей-герман қоғамдық форумының «Діндер» жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Кездесуге Қазақстан митрополиттік округінің істері жөніндегі басшысы, Қаскелең епископы Геннадий қатысты.
Отырысқа қатысқандар: Мәскеу Патриархының сыртқы шіркеулік байланыстар жөніндегі Бөлімі төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі, архимандрит Филарет (Булеков); СШББ алыс шетел істері жөніндегі хатшысы, протоиерей Сергей Звонарев; Шіркеудің қоғаммен және БАҚ байланысы жөніндегі Синодтық департамент төрағасының орынбасары В.В. Кипшидзе; Санкт-Петербург епархиясының шіркеуаралық христиан диакониясының Қайырымдылық қорының жетекшісі, діни қызметкер Алексий Жигалов; Ташкент епархиясы Шіркеудің қоғаммен және БАҚ арасындағы байланыс бөлімінің басшысы иеромонах Михаил (Столяров); алыс шетел істері бойынша СШББ хатшылығының қызметкері иеродиакон Алексий (Очканов); христианаралық қатынастар бойынша СШББ хатшылығының қызметкері М.Б. Нелюбова; Шіркеу қайырымдылық және қоғамдық қызмет жөніндегі Синодтық бөлімінің баспасөз хатшысы В.В. Рулинский; Свято-Тихоновский православтық гуманитарлық университетінің қоғамдық жұмыс кафедрасының меңгерушісі Т.В. Зальцман; «Фавор» қайырымдылық ұйымының қызметкері А.С. Левиз және қайырымдылық бойынша Синодтық бөлімінің Орталық Азия мен Қазақстандағы қоғамдық қызметтердің кураторы Е.Ю. Иванова.
Отырыс барысында “Діндер”тобының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
«Петербург диалогы» – Ресей мен Германиядағы азаматтық қоғамдардың форумы. 2001 жылы Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин және Германия Федеративтік Республикасының Федералды канцлері Г.Шрөдердің бастамасымен құрылған форум Германия мен Ресей арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және қоғамның барлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған.
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр