20 қараша күні 2025 жылы Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің туғанына 79 жыл толды. Астана және Қазақстан митрополиті Александр әулиені осы есте қаларлық күнмен құттықтады.
Құттықтауда былай делінген:
Сіз бүкіл өміріңізді Мәсіхтің өрісінде еңбек етуге, Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздауға арнадыңыз. Сіздің сеніміңізде, батылдығыңызда, табандылығыңызда және шыдамдылығыңызда сіз Орыс Православие Шіркеуінің барлық балалары үшін жақсы тәлімгердің үлгісі болып табыласыз.
Бар күшіңізді Патриархалдық қызметке арнай отырып, Сіз өзіңізге Құдай сеніп тапсырған қауымды құтқару жолымен сенімді түрде басқарып келесіз, елші Павелдің: «Өлім де, өмір де, Періштелер де, Билікт те, Күш те, қазір де, болашақта да, биіктік те, тереңдік те, барлық жаратылыстағы басқа ештеңе де бізді Иеміз Иса Мәсіхтегі Құдайдың сүйіспеншілігінен ажырата алмайды» деген сөздерін есімізге салып, үміт ұялатасыз.
Осы жылы Сіз Қазақстанға келдіңіз және Сіздің сапарыңыз елде Православиелік сенімнің орнығуына жаңа серпін берді, епископтарды, пасторларды, монастырлерді және Құдай халқын Қасиетті Шіркеудің игілігі үшін адам жанының рухани жаңғыруы жолындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырды.
Осы салтанатты күні Сізге, аса құрметті Жоғары Мәртебелі, зор денсаулық, бейбітшілік пен ұзақ өмір және Мәсіхтің Шіркеуінің және Құдай халқының игілігі үшін Сіздің жоғары Басты қызметіңізді алда да көп жылдар бойы орындауыңызды шын жүректен тілеймін.
Рождество мейрамының соңғы күні. Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Благовещенский храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополит Александр Алматы қаласындағы храмдардың жексенбілік мектептерінің оқушыларын Рождество мерекесімен құттықтады
Толығырақ
Оңтүстік астанада жастарға арналған Рождестволық бал өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр