16 желтоқсан 2025 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің жарияланған мерейтойымен құттықтады.
«Сізді осы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан өзінің егемендігін жариялағалы бері экономикасы дамыған қуатты да беделді мемлекетке айналды, ал халқы тағы да Иеміз Қүдайға ашық дұға жасап, балалары мен немерелерін иманды етіп тәрбиелеуге мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастық алдында бейбітшіліктің, ұлтаралық және дінаралық келісімнің бірегей үлгісі ретінде ерекшеленеді. Біздің еліміз әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің бастамашысы және жаһандық мәселелер бойынша диалог алаңы болып табылады.
Халыққа жолдауларыңыздың бірінде Сіз: «Бұл күні ата-баба аманатына адалдық танытып, ұлт болашағына жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін бәріміз терең түсінеміз. Тәуелсіздік – біздің барлық жетістіктеріміздің негізінде жатқан ортақ баға жетпес байлығымыз», – деген едіңіз.
Ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қағидаттарды, тарихи жадты сақтау, Отан мен жақындарымыздың игілігі үшін еңбек ету – құтты Қазақстанның одан әрі гүлденуінің, оның жаңа жетістіктері мен жеңістерінің іргетасы.
Осы ерекше, салтанатты күні Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, зор денсаулық, күш-қуат, туған Қазақстаныңызға қиын да жауапты қызметіңізде табыс тілеймін», - делінген Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысының құттықтауында.
Митрополит Александр ел басшылығын, парламент депутаттарын, облыс және қала әкімдерін мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборының қызметкерлерін марапаттау өтті
Толығырақ
Қарғалы ауылында шіркеу жәдігері - ұлы шейіт пен емші Пантелеимонның белгішесі ашылды. Владимир шіркеуіндегі рухани мерекелерді епископ Клавдиан басқарды.
Толығырақ
Митрополит Александр Алматы епархия басқармасының қызметкерлеріне шіркеу марапаттарын табыс етті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр