Құрметті бауырларластар, Қазақстанның берекелі жерінің тұрғындары!
Біз күн сайын Израиль мен Палестинадан қайғылы ақпарат алудамыз, ол жердегі әскери қақтығыстар әлі күнге дейін жалғасуда . Қаза тапқандар, жараланғандар және зардап шеккендер саны, үйлер мен ауруханалардың қирауы туралы деректер әрқайсымыздың жүрегімізді ауыртатындығы хақ. Палестина-Израиль қарулы қақтығысы салдарынан мыңдаған адам зардап шекті және әлі де зардап шегуін жалғастыруда, олардың арасында бейбіт адамдар, балалар, қарттар мен мүгедектер көп. Қарсыластықтың шиеленісуі ғаламдық ауқымдағы апатқа айналуы мүмкін.
Қасиетті Жер жер шарының әр түкпірінде тұратын көптеген миллиондаған православие христиандары мен мұсылмандар, басқа конфессияларға сенушілер үшін ерекше маңызды десем артық емес, сондықтан бұл жердегі бейбіт өмір сүру тек гуманитарлық ғана емес, сонымен бірге ауқымды діни өлшемге ие болады.
Православ шіркеуі жауынгерлік іс-қимылдарды тезірек тоқтауы үшін зардап шеккендердің тез арада сауғып кетуі үшін әрдайм дұғада болады,құдайдан аманшылығы мен жеңілдігін сұрайды Қақтығысқа қатысушылардың барлығын құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге, әділ түрде бейбітшілік пен өзара түсіністікті іздеуге шақырады. Әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары қантөгіс пен араздықты тоқтату үшін өздерінің барлық өкілеттіктерін пайдалануы керек.
Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар, қымбатты қазақстандықтар, бізді біздің ежелгі жерімізде конфессияаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтап, бір-бірімізге деген қамқорлықты одан әрі күшейтуге итермелеуі тиіс. Осы оқиғаны мысалға ала отырып, біз халықаралық ұрыс әрдайым саяси құрылымның бұзылу қаупін туғызып, экономиканың құлдырауына және гуманитарлық апатқа алып келетінін көріп отырмыз. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы Ұлы далада тату көршілестік пен бауырластықпен өмір сүріп келген. Біз де осы сипатты негізге ала отырып сіздермен бірге даналық пен ақыл-парасат танытуымыз керек, ешқандай арандатушылыққа ұшырамауымыз қажет.Кімде-кім қақтығыстарды қоздырып, халық аралық араздықты өршітсе, заң бұзуға және қантөгіске итермелесе ең ауыр күнәні мойнына алатының ескеруіміз қажет. Бүгінде Қазақстанның әл-ауқаты мен еліміздің қазіргі әлемді аренадағы орны біздің қолымызда.
Біз-Қазақстан халқы-бір үлкен көпұлтты және көпконфессиялы отбасымыз. Мен Қазақстанның Православие шіркеуінің діни қызметкерлері мен діндарларын және Құдайға сенетіндердің барлығын Қасиетті жердегі соғыс қимылдарын тезірек тоқтатылуы үшін, бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен Қазақстанның игілігі үшін дұғада болуын шақырамын.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр