ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
20.03.2026, 14:30

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Республика Мұсылмандары діни басқармасының төрағасын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Республика Мұсылмандары діни басқармасының төрағасын Ораза айт мерекесімен құттықтады

20 наурыз 2026 жыл. Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлыны Ораза айт мерекесімен құттықтады:

Құрметті Муфтий Хазрет!

Сізді және Қазақстандағы барша мұсылмандарын қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ханафи мазхабындағы Исламның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері Қазақстанның бай рухани-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгін атап өтіліп отырған бұл ұлық мереке – қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіре отырып, мұсылмандарға иман жолындағы қажыр-қайратты еске салады, жақынға деген құрбандық сүйіспеншілікке үйретеді және мейірімділікке үндейді.

Мемлекет басшысы құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады».

Бүгінде мұсылман қауымы қоғамымызда көршілік татулық пен діни төзімділік қағидаларын орнықтыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Қасиетті Қазақстан жерінде мұсылмандар мен христиандар ерте заманнан бүгінгі күнге дейін бейбітшілік пен бауырластықта өмір сүріп, елдің рухани қуатын арттыру жолында еңбек етті, оның қасиетті шекараларын қорғап, мемлекеттілікті нығайтты.

Ұлы даланың кең байтақ өлкесінде алдағы уақытта да бейбітшілік пен бірлік салтанат құрсын деп тілеймін.

Құрметті Муфтий Хазрет, Сізге және Қазақстан Республикасының барша мұсылмандарына зор денсаулық, күш-қуат, тыныштық, ұзақ ғұмыр және Алланың жарылқауын тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді