Ежелгі дәстүрлерге сәйкес, Қазақстанда 21–23 наурыз күндері Наурыз мейрамы атап өтіледі. 2001 жылдан бастап бұл мереке мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады:
Көпғасырлық тарихы бар Шығыс жаңа жылы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын бейнелеп, қазақстандықтардың өмірінде ерекше орын алады. Бұл жарқын мереке – көктемгі жаңару, бейбітшілік пен достықтың жалпыұлттық мейрамы.
Наурыз мерекесін атап өту Қазақстан халқының алдында тұрған басты міндетпен үндесіп жатыр – бірлік пен бауырмалдыққа негізделген гүлденген мемлекет құру.
Халықтар арасындағы ынтымақ пен өзара түсіністіктің нышаны саналатын Наурыз қоғамымыздың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады және барша қазақстандықтар үшін бірдей қадірлі.
Осы салтанатты мереке күні барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, еңбектеріне табыс, ал ортақ үйіміз – қасиетті Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.
Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, ел басшылығына, Парламент депутаттарына, облыстар мен қалалардың әкімдеріне құттықтаулар жолдады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр