ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
01.05.2026, 13:00

Митрополиттік округ Басшысының Қазақстан халқының бірлігі күніне орай құттықтауы

Митрополиттік округ Басшысының Қазақстан халқының бірлігі күніне орай құттықтауы

1 мамыр 2026 жыл -  Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр ел тұрғындарын мерекемен құттықтады:

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздегі бейбітшілік пен келісімді айшықтайтын жарқын көктем мерекесі.

Ежелден Ұлы далада мекендеген түрлі этнос өкілдері өз тарихы мен сан ұрпақтың өмірі арқылы бауырмалдық пен өзара құрметтің, Отан игілігі жолындағы бірлескен жасампаз еңбектің жарқын үлгісін бүкіл әлемге танытты.

Тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайту – Қазақстан Республикасының ішкі саясатының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауларының бірінде былай деген еді: «Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек».

Православие Шіркеуі, ханафи мазхабындағы Исламмен қатар, еліміздің тарихи дамуы мен мәдени мұрасына өз үлесін қосып, қоғамымызда мейірімділік, ізгілік және әділеттілік құндылықтарын орнықтыруға бағытталған өз миссиясын әрдайым жүзеге асырып келеді және алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Осы мерекелі күні барша қазақстандықтарға зор денсаулық, еңбектеріне табыс, бейбітшілік пен амандық тілеймін.

Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мемлекет Президентіне, Үкімет мүшелеріне, қала және облыс әкімдеріне, Парламент депутаттарына құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді