ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
17.05.2026, 10:00

Қазақстан Митрополиті Александр Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Қазақстан Митрополиті Александр Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевты туған күнімен құттықтады

17 мамыр 2026 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты туған күнімен құттықтады.

Құттықтау жолдауында, атап айтқанда, былай делінген:

Қазақстан Православие Шіркеуінің архипастырлары, дін қызметкерлері мен барша сенушілерінің атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз бүкіл ғұмырыңызды Отанға қызмет етуге арнадыңыз. Қай қызметте еңбек етсеңіз де, әрдайым Қазақстанның өркендеуі мен халқының әл-ауқаты жолында аянбай еңбек етіп, өз ісін терең білудің және азаматтық борышқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіз.

Әлемдегі ірі мемлекеттердің бірінің Басшысы ретінде Сіз Республиканың жан-жақты дамуы үшін бұрын да, бүгінде де ауқымды істер атқарып келесіз. Соның нәтижесінде Қазақстан экономика мен әлеуметтік салада зор жетістіктерге қол жеткізді.

Даналыққа толы саясаткер әрі жауапты мемлекет қайраткері ретінде Сіз тек туған еліңіздегі азаматтық келісімді нығайту жолында ғана емес, бүкіл әлемдегі бейбітшілікті орнықтыру ісіне де үлкен үлес қосып келесіз.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Православие Шіркеуінің епископаты, дін қызметкерлері мен сенушілері Сіздің рухани-адамгершілік құндылықтар мен бірлік негізінде қуатты әрі өміршең мемлекет құру жолындағы бастамаларыңызға әрдайым сенімді серік болады.

Мемлекет Басшысының қызметі шын мәнінде ұлы әрі аса жауапты. Осы туған күніңізде Сізге жан мен тән саулығын, амандық, бақ-береке және Қазақстан халқының игілігі жолындағы жоғары қызметіңізге Құдайдың жар болуын, ұзақ та берекелі ғұмыр тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді