2026 жылғы 24 мамыр — словен халықтарының ағартушылары, теңапостолды әулиелер Кирилл мен Мефодий мерекесі, Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің есімі күні.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жоғары Мәртебеліге құттықтау жолдады:
«Аса құрметті Жоғары Мәртебелі!
Словен халықтарының ұстаздары, теңапостолды әулиелер Кирилл мен Мефодийді еске алу күнімен тұспа-тұс келетін есімі күні мерекеңізбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!
Мың жылдан астам уақыт бұрын Солундық ағайындылардың еңбегі мен ерлігінің арқасында славян халықтары Православиені қабылдады. Миллиондаған адамдардың жаны үшін жауапкершіліктің белгісі саналатын Бас Иерархтық омофорды иығыңызға көтере отырып, Сіз көктегі қамқоршыңыздың ерлік жолын жалғастырып, Христостың ақиқатын паш етудесіз, Құдай халқын сүйіспеншілік пен мейірімділік істеріне, Құтқарушы Христостың өсиеттерімен өмір сүруге үздіксіз шақырып, Православие сенімін берік сақтауға сергек қызмет етіп келесіз.
Өзіңізді аямай атқарып жүрген қызметіңіз арқылы Сіз бізге рухани ерліктің үлгісін көрсетіп, миссионерлік және ағартушылық жолдағы еңбектерімізге шабыт беріп келесіз.
Өзіңіз үшін де, барша православие христиандары үшін де ерекше салтанатты осы күні, Сізге зор денсаулық, Құдайдың көмегі мен қасиетті теңапостолды Кириллдің көктегі қамқорлығын тілеймін.
Қазақстандық жамағатыңыз бір ауыздан, бір жүректен Құдайға дұға етіп, Иеміз Құдай Сізді “күшімен келген Құдай Патшалығы” туралы Ізгі хабарды (Мк. 9:1) уағыздау қызметінде ұзақ жылдар бойы нығайта берсін деп дұға етеді.
Сізге ұзақ, игі әрі берекелі ғұмыр тілейміз!»
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр