27 мамыр 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр елдің мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын және Республика мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады:
Сізді және Қазақстанның барша мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл мереке жақынға деген сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелейді.
Өткен оқиғаларды еске алу әр адамға бүгінгі күнді дұрыс бағалауға, болашаққа үмітпен қарауға, түрлі конфессиялар, этностар мен мәдениеттер өкілдерімен ортақ тіл табысуға көмектеседі.
Аталған мереке Қазақстан мұсылмандарының жүрегіне бірлік, бейбітшілік пен қуаныш рухын ұялатып, адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің көрініс табуына себеп болады.
Мұсылмандар мен христиандар, сондай-ақ Қазақстандағы өзге де дәстүрлі дін өкілдері жамандық атаулыға бірге қарсы тұрып, адамгершілік құндылықтарды орнықтырып, бірлік пен келісімнің берік негізінде Қазақстанның рухани қуатын арттырып, мемлекеттілігін нығайта береді деген шынайы үмітімді білдіремін.
Құрметті Мүфти Хазрет, Сізге және еліміздің барша мұсылмандарына денсаулық, бейбіт өмір, амандық және Отан игілігі жолындағы ізгі істеріңізге табыс тілеймін!
Жаратқан Ие Қазақстанның рухани көшбасшысы ретіндегі жоғары қызметіңізге әрдайым жәрдемін бере берсін.
Қазақстан Митрополиттік округі Басшысының Мәскеу Патриархиясының істері басшысы, Воскресенский митрополиті Григориймен кездесуі өтті
Толығырақ
Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті О.Н. Овчинниковтың халықаралық фестивалі – «Пасхалық ән» хорлар соборындағы сөйлеген сөзі
Толығырақ
Көкшетау және Ақмола епархиясы епархиалдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр