27 мамыр 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қасиетті Үштік Серафим-Дивеево әйелдер монастырінің басшысы игумения Сергияны (Конкова) мерейлі күндерімен құттықтады.
Архипастырлық құттықтауда былай делінген:
Қадірлі игумения ана!
Сіздің өміріңіздегі айтулы күндер – туған күніңіздің 80 жылдығы және игумения санатына көтерілгеніңіздің 35 жылдығы мерекесіне орай Сізге шын жүректен ең жылы әрі ізгі тілектерімді жолдаймын!
Осы мерекелі күні біз Құдайға ризашылықпен Сіздің ұзақ, даналыққа толы және риясыз өмір жолыңызға көз тігеміз. Бұл жол түгелдей Мәсіхке және Оның Қасиетті Шіркеуіне адал қызмет етуге арналды. Мәсіхтің мойынтұрығын қабылдай отырып, Сіз ісіңізбен де, сөзіңізбен де шынайы монахтық өмірдің, тақуалық анттарға адалдықтың және Жаратушының қамқор еркіне мызғымас сенімнің үлгісін көрсеттіңіз.
Үш жарым онжылдық бұрын Құдайдың ерекше қалауымен Сіз аса ұлы әрі жауапты қызметке – Құдай Анасының Төртінші Үлесі саналатын Дивеево монастырін қайта жаңғырту ісіне шақырылдыңыз. Игумениялық аса таяқты қабылдай отырып, Сіз осы қасиетті орынды қирау мен ұмыт болудан қайта қалпына келтіріп, оның бұрынғы даңқы мен көркін жаңғырту үшін орасан зор еңбек сіңірдіңіз.
Өзіңіздің мерекелі күніңізде, қадірлі ана Сергия, Сізге сарқылмас жан және тән қуатын, рухани қуаныш пен игумениялық қызмет жолындағы алдағы жауапты еңбектеріңізге Құдайдың құдіретті көмегін тілеймін.
Қасиетті Құдай Анасының және Саровтық қасиетті Серафимнің шапағатымен Мейірімі мол Иеміз Сізді ұзақ жылдар бойы зор денсаулықта сақтасын!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр