6 шілде 2026 жыл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күні.
Астана күніне орай Қазақстан халқын Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтады:
Құрметті отандастар!
Сіздерді еліміздің мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – қарқынды дамып келе жатқан жаңа Қазақстанның, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығының жарқын белгісі.
Бүгінде Астана – заманауи әрі бірегей мегаполис, ірі геосаяси орталық және халықаралық үнқатысу алаңы. Республикамыздың бас қаласы қарқынды дамып, гүлдене отырып, бүкіл елдің экономикасы мен әлеуметтік саласының өркендеуіне қуатты серпін беруде, сондай-ақ Қазақстандағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Қазақстанның Православие Шіркеуі Ұлы Дала кеңістігінде бауырластық пен бірліктің салтанат құруына әрдайым қызмет етіп келеді. Отанымыз, мемлекеттік билік, әскер және халқымыз үшін Құдайға дұға ете отырып, ол адамдар өмірінде ізгілік, әділдік және ынтымақ сияқты мәңгілік рухани құндылықтардың орнығуына белсенді түрде ықпал етеді.
Осы мерекелі күні еліміздің барлық тұрғындарына амандық, жан мен тән саулығын, еңбектеріне табыс, ал туған Қазақстанымызға бейбітшілік пен гүлдену тілеймін!
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, еліміздің басшылығына, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне құттықтау жолдады.
Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбектің Сергий храмындағы құлшылық өмірінің басталуына орай құттықтауы
Толығырақ
Құдай Анасының Астана–Почаев иконасының құрметіне арналған мереке. Митрополит Александр Қазақстан астанасындағы Сергий храмында алғашқы Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астанадағы Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмның жаңадан салынған қабырға суреттерін қасиеттеу рәсімін өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр