ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
27.08.2026, 17:35

Митрополит Александрдың «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауындағы жеңісіне орай Қазақстан Республикасының Президентін құттықтауы

Митрополит Александрдың «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауындағы жеңісіне орай Қазақстан Республикасының Президентін құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.-Ж.К. Тоқаев мырзаға

Жоғары Мәртебелі мырза, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан тарихында алғаш рет өткен бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясының жеңіске жетуіне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен халықтық дауыс берудің нәтижелері Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауға бағытталған бағыттың кеңінен қолдау тапқанын айқын көрсетті.

«Әділет» партиясы Қазақстанның болашағын әділдік, заң және тәртіп қағидаттарымен байланыстыратын азаматтарды біріктіреді. Өткен сайлау еліміздің қоғамдық күн тәртібінде жасампаздық пен прогресс идеяларының берік орныққанын көрсетті. Бұл – Республиканың саяси және әлеуметтік жаңаруының маңызды белгісі.

Мемлекет басшысы ретінде Сіз Қазақстан халқының өміріндегі рухани құндылықтарға айрықша мән беріп келесіз. Өткен жылдар ішінде Республика басшылығы, өкілді және заң шығарушы билік органдары мен Қазақстанның Православие Шіркеуі арасында қоғамдағы дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды орнықтыруға, еліміздің бай тарихи және мәдени мұрасын сақтауға бағытталған сындарлы қарым-қатынас қалыптасқаны қуантады. Сіздің ізгі қолдауыңызбен бұл ынтымақтастық алдағы уақытта да дамып, игі жемісін беріп, конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді деп үміттенемін.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге және Сіздің басшылығыңызбен ортақ үйіміз – қасиетті Қазақстанның игілігі жолында еңбек етіп жүрген барша жанға жан мен тән саулығын, амандық пен туған елге қызмет етудегі толағай табыстар тілеймін.

ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді