30 наурыз 2025 жыл. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Бұл мереке барлық Ислам дінін ұстанушылар үшін қасиетті Рамазан айы аяқтайтын және отыз күндік оразаның нәтижесі – қатаң ұстамдылық пен өз нәпсісін тию кезеңі – ежелден басқаларға мейірімділік таныту және ерекше қамқорлық жасаумен ерекшеленеді», - делінген құттықтауда.
«Ежелден күні бүгінге дейін құтты Қазақстан жерінде мұсылмандар мен христиандар тату-тәтті өмір сүріп, бауырластық сүйіспеншілікте өмір сүріп, еліміздің игілігі үшін еңбек етті. Алла тағала туған Қазақстанымыздың болашақта рухани-адамгершілік іргетасы берік және мызғымас бейбітшілік пен келісім үйі болып қала беруін нәсіп етсін», - деп атам өтті иерарх.
Митрополит Александр Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және барша Қазақстан мұсылмандарына денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Ресей елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесу өткізді
ТолығырақАстанада Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Ватикан Елшісімен кездесуі өтті
ТолығырақҚазақстан Митрополиттік округінің ғибадатханалары мәңгі есте қалатын архиепископ Елевферийді (Козорез) еске алды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр