1 мамыр 2025 жыл – Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр ел тұрғындарын мерекемен құттықтайды: Елімізді мекендеген халықтың бірлігін, достығы мен ынтымағын білдіретін көктемнің бұл жарқын мерекесі Қазақстандағы ең айтулы мерекелердің біріне айналды.
Ғасырлар бойы Ұлы даланың ұлан-ғайыр кеңістігінде түрлі этностар мен діндер өкілдерінің тату-тәтті өмір сүру дәстүрлері сақталған. Ал қазіргі таңда еліміз конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің үлгісін көрсетуді жалғастыруда.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауларының бірінде былай деді: «Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік. Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналды».
Православие шіркеуі Республиканың тарихи дамуы мен мәдени мұрасына зор үлес қосқан дәстүрлі Исламмен бірге ортақ үйіміз – құтты Қазақстандағы бейбітшілік пен берекенің сақталуы мен нығаюына ықпал ете отырып, өзінің игі миссиясын жалғастыруда.
Осы мерекелік күні барша қазақстандықтарға зор денсаулық және жұмыстарына табыс, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін.
Митрополиттік округ Басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен ел Президентіне, үкімет мүшелеріне, қалалар мен облыстардың әкімдеріне, парламент депутаттарына құттықтау жолдады.
Қостанай епархиясының хатшысы Константино-Еленинский соборында кішігірім қасиетті ету рәсімі мен Литургияны өткізді
ТолығырақКөкшетау және Ақмола епархиясы дін басыларының епархиялық жиналысы өтті
ТолығырақАлматы рухани семинариясының ректорына теология ғылымдарының кандидаты дипломы табыс етілді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр