ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Марктан Інжілі, 9-тарау, 33-41-тармақтар)

gospel image
Капернаумға келді; және үйде болғанда, олардан былай деп сұрады: сендер жолда өзара не туралы талқыладыңдар?
Олар үнсіз қалды; өйткені олар өзара кім үлкен екенін талқылады.
Және түсініп, он екі шәкіртін шақырды және оларға былай деді: кім бірінші болғысы келеді, барлығының ішінде соңғысы және барлығына қызметші болсын.
Және баланы алып, олардың ортасына оны қояды және, оны құшақтап, оларға былай деді:
Менің атым үшін осындай балалардың бірін кім қабылдаса, сол Мені қабылдайды; ал Мені кім қабылдаса, ол Мені емес, Мені Жібергенді қабылдайды.
Осы кезде Иоанн былай деді: Ұстаз! Сенің атыңнан жын-перілерді қуатын адамды көрдік, біздің артымыздан ермейді; оған тыйым салдым, өйткені біздің артымыздан ермейді.
Иисус былай деді: тыйым салмаңдар, өйткені Менің атымнан ғажайып жасаған ешкім Мені жаман атты ете алмайды.
Өйткені кімде кім саған қарсы болмаса, онда ол сен үшін.
Және кімде кім Менің атымнан саған бір кесе су берсе, өйткені сен Христостікісің, сендерге шынайы айтарым, өз сыйын жоғалтпайды.
Сілтеме көшірілді