ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.03.2026, 16:00

Қазақстан Митрополитік округінің Басшысы Қострома кремлінде Құдай Анасының керемет жасаушы Феодоровская бклгішесіне тағзым етті

Қазақстан Митрополитік округінің Басшысы Қострома кремлінде Құдай Анасының керемет жасаушы Феодоровская бклгішесіне тағзым етті

13 наурыз 2026 жыл. Кострома және Нерехта митрополиті Ферапонттың және Кострома облысының губернаторы С.К. Ситниковтың шақыруымен Кострома қаласына келген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Еділ жағасындағы Құдай сақтаған қаланың басты қасиетті орны – жаңғыртылып жатқан Кострома кремліндегі Богоявление кафедралды соборында сақталған Қасиетті Құдай Анасының ғажайып Феодоров белгішесінің алдында дұға етті.

Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері – Құдай Анасының Феодоров белгішесінің алдында иерарх Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырьлары, пастырьлары, монахтық өмірді ұстанушылар мен сенушілердің амандығы, өмірі, бейбітшілігі және денсаулығы үшін; Қазақстан Президенті, билік өкілдері, әскерилер және бүкіл Қазақстан халқы үшін дұға жасады.

Митрополит билеушісі қайта жаңғыртылған Богоявление соборының өмірімен танысып, музейлік экспозицияларды аралап көрді және қоңырау мұнарасының бақылау алаңына көтерілді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді