Және Иисус Құдайдың ғибадатханасына кіріп, ғибадатханадағы барлық сататындарды және сатып алатындарды қуып шығарды және көгершіндерді сататындардың үстелі мен орындықтарын құлатты,
және оларға былай деді: үйге Менің дұға оқу үйім деген ат қойылды, – жазылып тұр емес пе; ал сендер оны қарақшылар ордасына айналдырдыңдар.
Және Оған ғибадатханада соқыр және ақсақ адамдар жақындады, Ол оларды сауықтырды.
Және оларды тастап, қаладан Вифанияға кетіп, сол жерде түнеді.
Таңертең қалаға оралып, қарны ашқанын сезеді;
және жолда бір інжір ағашын көріп, оған жақындайды және одан тек жапырақтардан басқа ештеңе таппай оған былай дейді: бұдан былай мәңгі жемісін болмасын. Және інжір ағашы сол сағатта қурап қалды.
Мұны көрген шәкірттер таң қалып, былай деді: інжір ағашы қалай сол сағатта қурап қалды?