Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді.
Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді.
Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады.
Сонда қызметшілері егіндіктің иесіне келіп:— Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Онда бидайық қайдан шыққан? — деп сұрайды.
Ол:— Мұны істеген дұшпан кісі, — деп түсіндіреді.— Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба?
— Жоқ, — деп жауап береді қожайын, — сендер бидайықты отаймыз деп, бидайды бірге жұлып тастарсыңдар.
Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап, қамбама құйыңдар! — деп бұйырамын».
Петропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
ТолығырақМитрополит Александр келіп жеткен Ұлы постта Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының бірінші оқылымын орындады
ТолығырақҚарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс күніне арналған іс-шараларға қатысты.
Толығырақ