ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 6-тарау, 17-23-тармақтар)

gospel image
Мұнан кейін Иса елшілерімен бірге тау басынан төмен түсіп, беткейдегі бір жазыққа келді. Оның қасына көптеген шәкірттері және бүкіл Яһудея аймағынан, Иерусалим қаласынан әрі Жерорта теңізі жағалауындағы Тир мен Сидон аймақтарынан келген көп халық жиналды.
Олар Исаны тыңдауға және ауру-сырқауларынан сауығуға келгендер болатын. Жын қинаған адамдар да келіп, жындарынан арылып~жатты.
Бүкіл халық Исаға қолын тигізуге ұмтылды, себебі Одан құдірет шығып, бәрін де сауықтырып жатты.
Сол кезде Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Жарлылар, сендер бақыттысыңдар:Құдайдың~Патшалығы өздеріңе арналған!
Қазір ашыққандар, сендер бақыттысыңдар:себебі тойынатын боласыңдар!Қазір қайғырып жылағандар, сендер бақыттысыңдар:себебі қуана күлетін боласыңдар!
Адамдар көктен келген Маған боласендерді жек көріп, орталарынан аластатып, қорлап, аттарыңа кір келтірсе, бақыттысыңдар!
Сол күні қуана секіріп шаттаныңдар,себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!Солардың ата-бабалары бұрынғы пайғамбарларға да солай істеген.

 

Сілтеме көшірілді