ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Күннің Ізгі хабары: (Лукадан Інжілі, 9-тарау, 44-50-тармақтар)

gospel image
сендер бұл сөзді құлақтарыңмен тыңдаңдар: Адам Баласы адамның қолына беріледі.
Бірақ олар бұл сөздерді түсінбеді және олар үшін бұл жабық болды, сондықтан олар оны түсіне алмады, ал Одан бұл сөздер туралы сұраудан қорықты.
Оларға: олардың қайсысы үлкен болар еді? — деген ой келді.
Иисус, олардың жүректеріндегі ойларын көріп, баланы алып, оны Өз алдына тұрғызды
және оларға: кім бұл баланы Менің атымнан қабылдаса, Мені қабылдағаны; Кім Мені қабылдаса, Мені Жібергенді қабылдайды. «Сендердің араларыңда кім ең кіші болса, сол үлкен болады».
Сонда Иоанн: Тәлімгер! біз Сенің атыңмен жындарды қуып шығарған адамды көрдік және оған тыйым салдық, өйткені ол бізбен бірге жүрмейді, — деді.
Иисус оған: тыйым салмаңдар, өйткені сендерге кім қарсы болмаса, солар сендерді қолдайды, — деді.
Сілтеме көшірілді