3 ақпан 2026 жыл - Қасиетті Максим Исповедник, Қасиетті Максим Грек және Каскеленде Христос үшін өлтірілген (1938) қасиетті шейіт пресвитер Илияны (Березовский) еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің киелі Мәскеулік Матрона құрметіне арналған храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Архипастырьге қызмет еткендер: игумен Онисим (Тульников), Митрополиттік округі Басшысының жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Арсений (Волошин), иеромонах Мелетий (Чернов), иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Георгий Ткаченко.
Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, шіркеулік ән салуды дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастыр әпке-сіңлілерімен бірге, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Алматы православиелік семинариясының оқытушылар құрамы мен студенттері.
Иверско-Серафимовский монастырі София соборының хоры О. Усольцеваның басқаруымен ән шырқады.
Литургияның аяқталғаннан кейін қасиетті шейіт, Каскелең пресвитері Илияға арналған мадақтау орындалып, одан соң архипастырь әрбір сенушінің рухани өмірінде жаңа азап шегушілер мен діндарларды құрметтеудің маңыздылығы туралы уағызын айтты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр