ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
06.02.2026, 15:00

Қонаев қаласындағы Петербургтік киелі Ксения атындағы храмның престолдық мерекесі

Қонаев қаласындағы Петербургтік киелі Ксения атындағы храмның престолдық мерекесі

6 ақпан 2026 жыл -  қасиетті Петербургтік Ксенияны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Талғар епископы Вениамин Алматы облысы Қонаев қаласында орналасқан, престолдық мерекесін атап өтіп жатқан Петербургтік қасиетті Ксения атындағы храмда Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Параскева шіркеуі мен Александр Невский храмының басшысы протоиерей Иоанн Лопатин, Гүлдала кентіндегі Иоанно-Предтеченская шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Харлов, Боралдай кентіндегі Иверский белгішесі атындағы храмның басшысы игумен Филарет (Петроченко), Ксения атындағы храмның басшысы иеромонах Пимен (Ткаченко), Алматы облысы Жетіген кентіндегі қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Вадим Алексеев, Көктал ауылындағы Құдай Анасының Қазан белгішесі құрметіне арналған храмның басшысы иеромонах Аверкий (Белов), иерей Андрей Распопин, иерей Геннадий Гришанов, иерей Александр Богданов, диакон Виталий Быструшкин, иеродиакон Феофан (Шубин).

Қызмет кезінде Н. Ласковаяның басқаруымен храм хоры ән шырқады.

Қызметке Қонаев қаласының және оған жақын елді мекендердің тұрғындары қатысып, дұға етті.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Аверкий (Белов) оқыды.

Литургия Петербургтік қасиетті Ксенияны мадақтау рәсімімен аяқталып, содан кейін храмды айнала крест шеруі өтті.

Епископ Вениамин дін қызметкерлері мен жамағатты престолдық мерекемен, ал есім иелерін періште күнімен құттықтап, соңында сенушілерге архипастырлық тәлімдік сөзін айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді