ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
14.02.2026, 15:00

Әлемдік етсіз (Мясопустная) ата-аналар сенбісі

Әлемдік етсіз (Мясопустная) ата-аналар сенбісі

14 ақпан 2026 жыл -  Әлемдік етсіз ата-аналар сенбісі (Мясопустная).

Қасиетті Шіркеу Ұлы Пост алдындағы соңғы дайындық аптасын Мәсіхтің Қорқынышты Соты туралы еске салуға арнай отырып, осы сенбі күні «ежелден бері дүниеден өткен, игілікпен өмір сүрген, барлық ұрпақтар мен дәрежелердегі адамдар» үшін, әсіресе кенеттен қайтыс болғандар үшін дұға етуді белгілеген.

Етсіз ата-аналар сенбісінің синаксарында (жарғылық тәлім сөзінде): «адамсүйгіштікпен өмір сүретін қасиетті әкелер апостолдық ілімге сүйене отырып, ешбір адам қашан, қайда және қалай өмірден өтсе де — Шіркеу дұғасынан айырылып қалмасын деп бұл жалпы, әлемдік еске алуды белгіледі», — деп айтылған.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр марқұмдарды жарғылық тәртіппен еске алу рәсімін жасады.

Қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы храмда — Қазақстан Митрополиттік округтің Мәскеу қаласындағы Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізіп, оның соңында «ежелден бүгінге дейін дүниеден өткен барлық православие христиандары» үшін дұға бағыштады.

Мврқұмдарға дұға бағыштауда «ежелден бүгінге дейін дүниеден өткен барлық православие христиандары»; ерекше дұғалар София шіркеуінің марқұм басшысы протоиерей Борис Присяжнюк; храмды салушылар мен көркейткен марқұмдар; Қазақстанның дүниеден өткен иерархтары мен дін қызметкерлері; сондай-ақ Миус зиратында жерленгендер, КСРО халық әртісі, «Ресейдің алтын басы» атанған А.Ф. Ведерников, құдайсыз қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз азап шеккендер мен өлтірілгендер; аштықтан, суықтан, жарақаттан, аурудан және ауыр еңбектен көз жұмғандар; сенімі мен Отаны үшін майдан даласында жанын қиған көсемдер мен жауынгерлер де еске алынды.

«Шіркеуге Құдай тарапынан марқұм болған перзенттерінің тағдырын өзгертуге ұлы күш пен ерекше билік берілген. Біз жүрегімізге қымбат есімдер жазылған жазбаларды храмға әкеліп, “бізден бұрын өмір сүріп, дүниеден өткен туыстарымыз бен жақындарымыздың” ерікті және еріксіз күнәларының кешірілуі үшін шын ықыласпен дұға етеміз. Литургия басында, Проскомидия кезінде қасиетті құрбандық үстелінде просфоралардан бөлшектер алынады. Құдайлық қызмет барысында аса маңызды рухани сәт туады — бұл бөлшектер Иеміз Иса Мәсіхтің Қасиетті әрі Өмір беруші Қанына батырылып, мына дұға айтылады: “Ием, мұнда еске алынғандардың күнәларын Қасиетті Қаныңмен, әулиелеріңнің дұғаларымен кешіре гөр”. Қасиетті апостолдар қасиетті Евхаристия Таинствосы кезінде Жаратқан Иеміз Құдай дүниеден өткен жақындарды еске алу дәстүрін бекер орнатпаған. Олар бұл дұғалардың марқұмдарға мол пайда әкелетінін білген. Еске алу жазбаларында аты аталған туыстарымыз, жақындарымыз бен таныстарымыз Қасиетті Престолда ұсынылатын Қансыз Құрбандықтан рақым, қасиеттелу және күнәларының кешірілуін алады. Марқұмдардың жандары үшін шіркеу дұғасы жасалып, қасиетті Евхаристияның Қансыз Құрбандығы ұсынылған кезде, олар ең үлкен жұбаныш пен айтып жеткізгісіз қуанышқа бөленеді». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді