17 ақпан 2026 жыл. Алматы.
Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының синод залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында болғандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава; Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Петропавл және Булаев архиепископы Владимир; Қазақстан Православие Шіркеуінің іс басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Орал және Атырау епископы Вианор.
Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырьлерді алғы сөзімен қарсы алып, күн тәртібін жариялады.
Митрополит Александр иерархтарды Қостанай епархиясына жасаған сапары туралы хабардар етті.
Синод Қазақстан Православие Шіркеуінің іс басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадийдің баяндамаларын тыңдады. Қасиетті әмірші Астанада өткен «БАҚ-тағы дін стереотиптерсіз көзқарсс» атты конференцияның жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ архипастырь Митрополиттік округ өкілдерінің «Ағарту және адамгершілік: тұлғаны қалыптастыру және заман сынақтары» тақырыбымен өткен XXXIV Халықаралық Рождестволық білім беру оқуларына қатысуы жөнінде баяндама жасады.
2025 жылғы епархиялардың қызметі туралы есептерін оқығандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий, Петропавл және Булаев архиепископы Владимир, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Орал және Атырау епископы Вианор.
Синод Қазақстан Православие Шіркеуінің өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, бірқатар шешімдер қабылдады.
Қазақстан Митрополиттік округі Синоды отырысының журналдары Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің бекітуінен кейін жарияланады (Орыс Православие Шіркеуі Жарғысының XIII тарауының 9-бабы: «Митрополиттік округ Синодының журналдары Қасиетті Синодқа ұсынылып, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы тарапынан бекітіледі»).
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр