ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
24.02.2026, 20:00

Ұлы посттың бірінші аптасының сейсенбісінде митрополит Александр Алматы қаласының басты храмында қасиетті Андрей Критскийдің канонын оқуды жалғастырды

Ұлы посттың бірінші аптасының сейсенбісінде митрополит Александр Алматы қаласының басты храмында қасиетті Андрей Критскийдің канонын оқуды жалғастырды

24 ақпан 2026 жыл -  Ұлы посттың бірінші аптасының сейсенбісі; Севастийск епископы қасиетті азап шегуші Власийді еске алу күні.

Таңертең Астана және Қазақстан митрополиті Александр митрополиттік резиденциядағы Иверско-Серафимовский үй храмында Жарғыға сай құдайы қызметте дұға етті және Мәскеулік қасиетті Матронаға арналған семинариялық храмдағы қызметке қатысты.

Кешке Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында қасиетті Андрей Критскийдің тәубелік каноны оқылатын Ұлы кешкі құлшылық қызметін өткізді.

Канонның 9-әнінен кейін архипастырь жиналған қауымға батасын беріп, жамағатқа уағыз айтты.

Кешкі жораоғы әндерін Ресейдің Еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтың жетекшілігімен Митрополиттік округ хоры және Е. Богуславецтің жетекшілігімен Вознесен соборының хоры орындады.

Храмда сенушілердің рухани жұбанышы мен нығаюы үшін митрополит Александрдың батасымен жасалған қасиетті жәдігер – Өмір Беруші Иеміз Құдай Крестінің бейнесі қойылды. Онда Құдайдың қасиетті ұнамдылары бейнеленген: апостолдарға тең император Константин мен патшайым Елена, апостолдарға тең  ұлы кнәз Владимир мен ұлы ханшайым Ольга, игі сенімді ұлы кнәз Александр Невский және қасиетті Александр Свирский.

Қызметке жамағатпен бірге Митрополиттік округ бөлімдерінің жетекшілері, Вознесенский соборының клириктері, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Митрополиттік округінің «Semirechie» YouTube арнасында қасиетті Андрей Критскийдің канонының оқылуы тікелей эфирде көрсетілді.

Сәрсенбі күні таңертең митрополит Александр Алдын ала қасиеттелген Сыйлар Литургиясын өткізеді (басталуы – 8:30), ал кешке Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында қасиетті Андрей Критскийдің тәубелік канонын оқуды жалғастырады (басталуы – 18:00).

«Бүгін біз қасиетті Андрей Критскийдің тәубелік канонын оқуды жалғастырамыз. Бұл тамаша поэтикалық дұғаның мәтіні дайындықсыз адамға оңай қабылдана бермейді. Алайда Көне және Жаңа Өсиет тарихын, православиелік ілім негіздерін жақсы білетін жан үшін ол мол рухани азық беріп, Иемізбен тілдесуге бағыттайды. Бүгін канонның түсінуі күрделі тәубелік тропарьлерінің біріне назар аударайық. 8-әннің соңында Қасиетті Құдай Анасына мынадай сөздер арналады: «Қып-қызыл асыл матадан тоқылғандай, Ең Таза, Сенің құрсағыңда Еммануилдің тәні - рухани қызыл патшалық киімі тоқылды; сондықтан біз Сені, Құдай Анасы, шынайы құрметтейміз». Бұл не жайында? Тропарьде Ең Қасиетті Бикеш Мариядан Қасиетті Үшбірліктің Екінші Ипостасы – Құдай Сөзінің тән алуы туралы сөз қозғалады. «Сенің құрсағыңда багряница (патшалық қызыл киім) немесе порфира тоқылды» дейміз. Багряница деп Құдай Ұлы Еммануилдің Ең Таза Бикеш тәнін түсінеміз. Порфира – қызыл патшалық киім, Мәсіхтің патшалық абыройын білдіреді. Иеміз Иса Мәсіх – біздің Патшамыз әрі Әміршіміз. Ежелгі еврей тіліндегі «Еммануил» сөзі «Құдай бізбен» деп аударылады – бұл Тән алған Жаратушының есімдерінің бірі. Сонымен қатар, тропарь мәтіні шіркеулік дәстүрге сілтеме жасайды. Онда Бикеш Мария Иерусалим храмында тәрбиеленіп, тігін өнерін үйренгені айтылады. Кейін әділ Иосиф Обручникке тапсырылған кезде, Оған Иерусалим храмына жаңа перде – ең қасиетті орынға кіреберісті жауып тұрған катапетасма (қасиетті храм пердесі) тігу жүктелген. Бұл перде Құдайдың көзге көрінбейтін, бірақ шынайы қатысуын білдіретін кеңістікті қоршап тұрған. Дәл осы пердені тігіп отырған кезде Благовещение күні архангел Гавриил Бикеш Марияға көрінді. Бүгін біз Қасиетті Құдай Анасына үмітпен жүгінеміз: Ол бізді құтқарушы тәубе жолында нығайтсын, жанымызды тазартатын әрі жаңартатын Құдай рақымын иеленуге жәрдем берсін». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді