27 наурыз – Православие үшін аса қастерлі қасиетті жәдігер – Қасиетті Құдай Анасының ғажайып жасаушы Феодоров белгігешесінің құрметіне арналған мереке күні.
Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында XIII ғасырда Кострома қаласында көрінген Құдай Анасының ғажайып Феодоров белгігешесінің дәл көшірмесі сақтаулы.
Алматыдағы Аспан Патшайымы бейнесі 2010 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александр тарапынан Костромадағы ғажайып Феодоров белгігешесінің алдында қасиеттелген.
Мереке күні кафедралды соборда Құдайлық Литургияны Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы қазақстандық архипастырьлармен және қала дін қызметкерлерімен бірге өткізетін болады.
Басталуы сағат 8:00-де.
Көптеген ғажайыптарымен әйгілі болған Аспан Патшайымы – Феодоров белгігешесі отбасы амандығының, балалардың дүниеге келуі мен тәрбиесінің қамқоршысы ретінде ерекше құрметтеледі, сондай-ақ ауыр босану кезінде көмек береді деп сенеді. Осы қасиетті бейненің алдында жасалған дұғалар арқылы ауыр сырқаттардан, соның ішінде бедеуліктен де сауығу оқиғалары орын алғаны жөнінде нақты, құжат жүзінде расталған деректер бар.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр