ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
17.03.2026, 19:00

Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларында Православие кітабы күні атап өтілді

Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларында Православие кітабы күні атап өтілді

15 наурыз 2026 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларында Православие кітабы күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Аталған мереке 2009 жылдың желтоқсан айында Патриарх Кириллдің бастамасымен Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синоды тарапынан бекітіліп, 1564 жылы Русьте жарық көрген алғашқы баспа кітап – диакон Иоанн Федоровтың «Апостол» еңбегінің шығу күніне орайластырылған.

Петропавл епархиясы

15 наурызда Петропавл қаласындағы Бүкіл Әулиелер храмының жанындағы демалыс орталығында Православие кітабы күніне арналған мерекелік шара өтті.

Мерекеге приходтың жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Кездесу барысында балалар кітап басу тарихымен, қолжазба көшіретіндердің жұмыс тәсілдерімен  және әріптермен және ою-өрнектерді қолдана отырып беттерді рәсімдеумен танысты.

Қатысушыларға арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, онда оқушылар көне славян тілінде сөздер көшіріп жазды, бас әріптерге арналған мөрлер жасап, жазбаларын сәндік элементтермен безендірді.

Әрі қарай диакон Иоанн Федоров туралы танымдық фильм көрсетіліп, жексенбілік мектеп оқушылары Русьтегі кітап басу ісінің дамуы жайлы мәлімет алды.

Шара соңында барлық жас қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Орал епархиясы

15 наурызда Орал қаласындағы «Агни Парфене» православие жастар клубында Православие кітабы күні атап өтілді.

Іс-шараны Орал және Атырау епархиясының мәдениет бөлімі ұйымдастырды.

Мерекеге «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық ұйымының өкілдері, «Агни Парфене» жастар клубының белсенділері, жексенбілік мектеп оқушылары және Орал қаласындағы храмдардың жамағаты қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Орал және Атырау епископы Вианордың «Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы православие: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты кітабын талқылады, сондай-ақ православиелік әдебиеттің жаңа басылымдарымен танысты.

Шара соңында қатысушылар талқылау қорытындыларын шығарып, көркем шығармалардағы христиандық тақырыптардың рухани әрі мәдени ағартудағы маңызын атап өтті.

Қарағанды епархиясы

15 наурызда Қарағанды епархиясының храмдарында Православие кітабы күніне арналған ағартушылық іс-шаралар өтті.

Приходтарда жексенбілік мектеп тәрбиеленушілеріне арналған мәнерлеп оқу сайыстары мен тақырыптық сабақтар ұйымдастырылып, қатысушылар диакон Иоанн Федоровтың өмірі мен алғашқы кітап басу ісінің ерекшеліктерімен танысты.

Балалар православиелік әдебиетке арналған викториналарға, байқаулар мен квесттерге белсене қатысты.

Бірқатар храмдарда көне кітаптар мен балаларға арналған шығармалардың көрмелері ұйымдастырылды.

Қарағанды қаласындағы Введенский кафедралды соборы жанындағы «Собеседник» клубында «Кітап – бүкіл өмірді қамтиды» тақырыбында әңгіме өткізіліп, қатысушылар рухани әдебиеттің рөлі мен оның адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын талқылады.

Қостанай епархиясы

15 наурызда Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін Константино-Еленинский соборының кітапханасында Православие кітабы күніне арналған ағартушылық іс-шара өтті.

Собор кітапханашысы Е.А. Боронина жиналған қауымға епархиялық кітапхана қоры туралы айтып, жаңа православиелік әдебиеттер көрмесін таныстырды.

Іс-шара соңында барлық қонақтарға естелік ретінде православиелік ілім туралы кітаптар мен брошюралар сыйға тартылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді