ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
20.03.2026, 12:00

Пермь және Кунгур митрополиті Мефодийдің Л.П. Милованованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы

Пермь және Кунгур митрополиті Мефодийдің Л.П. Милованованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы

8 наурыз 2026 жыл. Пермь және Кунгур митрополиті Мефодий жаңадан дүние салған Құдайдың құлы Любовьтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты:

Қымбатты бауырлар мен әпке-сіңлілер!

Талантты регент, шіркеулік ән айту саласында аянбай еңбек еткен, Қазақстанда және Пермь өңірінде регенттік қызметтің дамуына зор үлес қосқан Любовь Павловна Милованованың мезгілсіз дүниеден өткені туралы хабарды терең қайғымен қабылдадым. Марқұмның өмірден озуы мен үшін де үлкен жеке қайғы болды.

Өзінің кәсіби қызметі жылдарында еңбекқорлығы мен адалдыққа толы қызметінің арқасында Любовь Павловна іс жүзінде нөлден бастап екі кәсіби архиерейлік хор: Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының әншілер ұжымын және Пермь қаласындағы Қасиетті Үштік кафедралды соборының хорын құрды.

Жауапкершілік пен жанкешті қызметі, таланты мен жеке қасиеттерінің арқасында марқұм көптеген дін қызметкерлерінің, шіркеу жамағатының және ән өнері мамандарының сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды. Оның Шіркеу игілігі жолындағы еңбегі жоғары деңгейде бағаланды.

Марқұмның қызы – Елена анаға, туыстары мен жақындарына, достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын.

Жаңадан дүние салған Құдайдың құлы Любовь үшін дұғаларымды бағыштаймын. Мейірімді Иеміз Өзінің адал қызметшісіне мол рақымын сыйлап, оның жанын Көктегі Патшалығына қабыл алғай деп сенемін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді