ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
05.04.2026, 04:00

Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесінің қарсаңында митрополит Александр Оңтүстік астананың басты храмында түнгі құлшылық өткізді

Иеміздің Иерусалимге Кіру мерекесінің қарсаңында митрополит Александр Оңтүстік астананың басты храмында түнгі құлшылық өткізді

2026 жылғы 4 сәуір күні кешке, Иеміздің Иерусалимге Кіру ұлы он екі мерекесінің қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі құлшылық өткізді.

Қазақстандағы Православие шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов және собор дін қызметкерлері.

Әндерді Митрополиттік округ хоры (регенті – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстері – В. Дударева) және Вознесенский соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.

Түнгі құлшылық кезінде «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун дұға етті.

Ұлы кешкі құлшылықта шіркеу Жарғысына сәйкес нан, шарап, бидай және елейді (майды) қасиеттеу рәсімімен бірге лития (ерекше дұға) жасалды.

Таңғы құлшылықта Інжілден үзінді оқылғаннан кейін митрополит Александр Даңқ Патшасы Иеміз Иса Мәсіхтің ерікті азап шегу үшін Иерусалимге салтанатты түрде Кіруін еске алу мақсатында тал мен бозтал бұтақтарын қасиеттеу рәсімін жасады. 50-ші забур оқылып жатқан кезде архипастырь бұтақтарды хош иістендіріп, оларды жарылқау дұғасын оқыды: «Господи Боже наш, седяй на Херувимех…», содан кейін дұғаға қатысушылар әкелген бұтақтарға қасиетті су сеуіп: «Бұл бұтақтар Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың атымен осы қасиетті сумен қасиеттеледі» деді.

Бұтақтарды қасиеттегеннен кейін Қазақстандағы Православие шіркеуінің Басшысы жиналған қауымға уағызын айтып, алдағы Қасиетті апта күндерінің рухани мәні туралы баяндады.

Шіркеу әкелері мен ұстаздарының куәлігі бойынша, Верб жексенбісінің түнгі құлшылығында бұтақтар мен жағылған шамдарды қолдану ежелгі дәуірлерден бастау алады. Жасыл бұтақтар Құтқарушының өлімді жеңгенінің және Мәсіхтің қайта тірілгенінің белгісі болып табылады.

«Явишася источницы бездны, влаги непричастны…» мерекелік каноны оқылып жатқан кезде сенушілер қасиеттелген елеймен майланды.

Мереке күні митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский соборында Құдайлық Литургияны жүргізетін болады. Басталуы сағат 8:30.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді