14 сәуір 2026 жыл. Алматы. Нұрлы аптадағы сейсенбі күні, Құдай Анасының Иверскмй иконасына арналған мереке – Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің тақ мерекесі күні қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр монастырь игумениясы Любовьқа (Якушкина) «Алғыс» орденін табыс етті.
Игумения бұл жоғары марапатқа Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы қажырлы еңбегі және туған күніне байланысты мерейтойына орай ие болды.
Монастырь игумениясын құттықтай отырып, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы былай деді:
«Сіз жиырма жылдан астам уақыт бойы Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінің игумениясы қызметін атқарып келесіз. Сіздің тынымсыз еңбегіңіздің арқасында бұл көне монастырь қайта жанданып, бүгінде ең құрметті қажылыұ орындарының біріне айналды. Сіз монастырлық дәстүрлерді сақтап, өз қамқорлығыңыздағы әпке-қарындастардың рухани өсуіне көп көңіл бөліп, монастырьдің көркеюіне зор үлес қосып келесіз. Сіз өз қызметіңізді шынайы ықыласпен атқарып, рухани беріктік пен Шіркеуге адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырсыз. Сізге зор денсаулық, жан тыныштығы мен ұзақ ғұмыр тілеймін. Қазақстан жерінде жарқыраған жаңа азап шегушілер мен Христостың мойындаушыларына дұға етіп, Сізге амандық пен игілік тілеймін. Бар мейірімді Иеміз Сізге игумениялық қызметіңізде Өзінің рақымды көмегін беріп, ұзақ ғұмырлы өмір сыйласын!»
Марапаттау рәсімінен кейін митрополит Александр игумения Любовьқа гүл шоғын табыс етті.
Митрополит Александр Алматыда жаңадан ашылған Беларусь Республикасының Бас консулдығын қасиеттеу рәсімін өткізді
Толығырақ
Қасиетті сәрсенбі күні Қазақстан Митрополиттік округ Басшысы Алматы қаласындағы Благовещенский Шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский монастырінің игумениясы Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасымен марапатталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр