17 сәуір 2026 жыл. Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александр жаңадан салынған қасиетті Сергий Радонежский атындағы храмдағы қабырға кескіндемесін жасау мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткізді.
18 қыркүйекте 2025 жылы Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл қасиеттеген Сергий храмы Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелерге арналған соборды, сондай-ақ Қазақстанның Митрополиттік округінің рухани-мәдени және ағартушылық орталығын қамтитын сәулет кешенінің бір бөлігі болып табылады.
Көптеген сенушілер күтіп отырған бұл жобаға Патриарх Кирилл батасын берген. Митрополит Александр Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевпен кездесуі барысында мемлекет басшысы жобамен танысып, елордада православ ағартушылық орталығын және оның жанынан храм салу идеясын қолдады. Қазақстан Президентінің тапсырмасымен елорда билігі жер телімін бөліп, оны Митрополиттік округке бекітті. Қазіргі уақытта құрылыс қайырымды жандардың қаражатына жүргізіліп, қарқынды түрде жалғасуда.
Кеңеске қатысқандар: елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), благочинныйдың көмекшісі иерей Сергий Дианов, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, иконописші В.К. Курилов және Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері.
Митрополит Александр жаңадан салынған храмды безендіретін қабырға кескіндемелерінің эскиздерімен танысып, ұсынылған көркем жұмыстар жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізді. Митрополиттік округ басшысы бекіткен жобаға сәйкес, Ресейдің Иваново облысындағы Палех қаласынан келген иконописшілер артелі храмның күмбездері мен қабырғаларын қасиетті Сергий Радонежскийдің өмірінен алынған көріністермен безендіретін болады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр