19 сәуір 2026 жыл. Қарағанды. Қасиетті Өмір Бастаушы Үштік пен Қарағандылық қасиетті діндар Севастианның құрметіне арналған кафедралды соборда өткен Құдайлық Литургиядан кейін қасиетті ақсақалдың дүниеден өткеніне 60 жыл толуын орай жиналғандар собор алаңында орнатылған оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараны Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.
Қасиетті ақсақалдың ескерткіші алдында архиерейлер мен дін қызметкерлері Пасха тропарьларын және әулиеге арналған ұлықтау жырын орындады.
Қасиеттіге арналған ескерткішке гүл қою рәсіміне митрополитпен бірге қатысқанлар: Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); қасиетті ақсақал Севастианның рухани перзенті әрі шәкірті, Құдай Анасының Рождествосы монастырінің рухани тәлімгері схиархимандрит Пахомий (Горошко); қонақ архипастырлармен бірге келген дін қызметкерлері; Қарағанды епархиясының клириктері.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр