28 сәуір 2026 жыл. Қазақстан Митрополиттік округіне қарасты Петропавл және Булаев епархиясына Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың архипастырлық сапары басталды.
Митрополит Александрмен бірге епархияға «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун келді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын сапарда Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров және митрополиттің көмекшісі И. Яценко сүйемелдеп жүр.
Петропавл қаласының халықаралық әуежайында иерарх пен оны ертіп келген делегацияны Петропавл және Булаев епископы Владимир, Петропавл епархиялық басқармасының хатшысы протоиерей Сергий Первушин, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Р. Жұмағұлов және Солтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.И. Қасенова қарсы алды.
Солтүстік Қазақстан астанасында архипастырдың сапары бағдарламасы аясында қасиетті Сергий Радонежский атындағы православиелік гимназия мен гуманитарлық-техникалық колледжге бару; оқытушылармен және студенттермен кездесу; епархия басқарушысы, дін қызметкерлері, приход белсенділері мен облыс басшылығымен жүздесу; храмдар мен епархиялық музейді аралау жоспарланған.
29 сәуір, Пасхадан кейінгі 3-аптаның сәрсенбісінде митрополит Александр Петропавлдағы Вознесенский кафедралды соборында Литургияны өткізеді. Қызметтің басталуы сағат 8:00.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр