ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
09.05.2026, 13:40

Қазақстан Православие Шіркеуінің «Мәңгілік полкі»

Қазақстан Православие Шіркеуінің «Мәңгілік полкі»

Митрополит Александртың батасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Митрополиттік округінің ресми сайтында «Мәңгілік полк» фотокөрмесі жариялануда.

Бұл акция алғаш рет 2020 жылы өтіп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Дін қызметкерлері қолдарында - Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстары мен жақындарының портреттерін ұстап тұр.

Естелік шараға батасын бере отырып, Митрополит Александр былай деді: «Жеңіс күні пасхалық қуанышпен бөленгенімен, сансыз шығындардың қайғысы мен мұңына да толды. Қырықыншы жылдары Отанымызға түскен ауыр нәубет туған жерді қорғау үшін жұдырықтай жұмылған халқымызды біріктірді. Әлемге ең жоғары жанқиярлық пен Отанға адалдықтың үлгілері көрсетілді; миллиондаған ерлер мен әйелдер Мәсіхтің: “Достары үшін жанын қиюдан асқан сүйіспеншілік жоқ” деген өсиетін орындады. Тарихтың көшін тоқтату мүмкін емес, бүгінде соғыс қимылдарына қатысқан және тылда еңбек еткен жандардың қатары сиреп барады. Алайда халық санасында Жеңістің ұлылығы мен әкелер мен аталардың құрбандық ерлігінің маңызы барған сайын айқындала түсуде. Соғыс батырларына деген құрметтің, Отан қорғау жолында қаза тапқандарға және “Жеңіс үшін еңбек еткендердің” барлығына тағзым етудің айқын белгісі – “Мәңгілік полк” акциясы. Ұлы Жеңісті еске алу үшін Митрополиттік округтің ресми сайты беттерінде біз соғысқа қатысқан дін қызметкерлері мен тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ жеңімпаздардың портреттерін ұстап тұрған біздің пастырьларымыздың фотосуреттерін жариялаймыз».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді