22 мамыр 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен римдік қасиетті ақысыз емші әулиелер Косма мен Дамианның құрметіне салынып жатқан храмға күмбездер мен кресттер орнатылды. Бұған дейін, 4 сәуірде — Лазарь сенбісінде, оларды Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы қасиеттеген болатын.
Күмбездер мен кресттерді орнату алдында храмның басшысы, дін қызметкері Андрей Шкляр кез келген игі іс басталар алдындағы дұғаны оқыды. Әкемен бірге приход белсенділері де дұға етті.
Космо-Дамиановский шіркеуі Оңтүстік астанада қайырымды ктиторлардың қаражаты мен сенушілердің қайырымдылық көмектері есебінен, президенті Владимир Михайлович Капсамун болып табылатын «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының тікелей қолдауы және қатысуымен салынып жатыр.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр