2026 жылғы 5–7 маусым аралығында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Вятка жерінің қасиетті орындарына қажылық сапар жасайды.
6 маусым күні Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен митрополит Александр Великая өзенінде әулие Николай Ғажайып Жасаушының Великорецк иконасының табылуы құрметіне арналған рухани мерекелік іс-шараларға жетекшілік етеді.
Великая өзеніндегі Құдайлық Литургияның басталуы сағат 9:30-да.
7 маусымда, Бүкіл әулиелер апталығында, митрополит Волково ауылындағы Қасиетті Үштік храмында Құдайлық Литургияны басқарады.
Митрополиттік округтің Басшысы Успение кафедралды соборына, Серафим және Спасский соборларына, Спасо-Преображенский әйелдер монастыріне, Макарьедегі Өмір Беруші Қасиетті Үштік құрметіне арналған шіркеуге және Медяны ауылындағы Қасиетті Үштік храмына барады.
Митрополит Александрдың сапары бағдарламасында Вятка және Слободск митрополиті Маркпен кездесу, сондай-ақ дін қызметкерлерімен, мемлекеттік билік өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен жүздесу енгізілген.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр