ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
12.06.2026, 14:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Кострома митрополиясына сапары басталуда

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Кострома митрополиясына сапары басталуда

2026 жылғы 12–15 маусым аралығында Кострома және Нерехта митрополиті Ферапонттың және Кострома облысының губернаторы С.К. Ситниковтың шақыруымен Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Кострома митрополиясына сапармен барады.

Митрополит Александр Кострома қаласы мен Кострома облысының Құрметті азаматы болып табылады.

Архипастырьдің қажылық сапарында алып жүргендер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі, Митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинников; хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; митрополиттің көмекшілері П.В. Соколов пен И.Е. Яценко.

Сапар барысында Жоғары мәртебелі митрополит Еділ жағасындағы Құдай қорғаған қаланың басты қасиетті жәдігері – қайта жаңғыртылып жатқан Кострома кремліндегі Богоявление кафедралдық соборында сақталған Құдай Анасының ғажайып Феодоров иконасына тағзым етеді. Иерарх Феодоров иконасының алдында Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырьлері, дін қызметкерлері, монашестволық өмір өкілдері мен сенушілері үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекеттік билік өкілдері, әскери қызметкерлері және халқы үшін дұға жасайды.

Қазақстандық иерарх Кострома және Нерехта митрополиті Ферапонтпен, Кострома облысының губернаторы С.К. Ситниковпен, қала мен облыс басшылығымен және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізеді.

13 маусым, сенбі күні, митрополит Александр Кострома қаласындағы қасиетті шейіттер Александр мен Антонина Римдіктердің құрметіне арналған храмда Құдайлық литургияны басқарады. Басталуы – сағат 8:30.

14 маусым, жексенбі күні, Русь жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер мерекесінде, митрополит Кострома кремліндегі Богоявление кафедралдық соборында Құдайлық Литургияны басқарады. Басталуы – сағат 9:00.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді