15 маусым 2026 жыл. Кострома. Кострома және Нерехта митрополиті Ферапонттың және Кострома облысының губернаторы С.К. Ситниковтың шақыруымен Кострома жеріне сапармен келген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Богоявленско-Анастасиина әйелдер монастырінің қасиетті орындарына тағзым етті.
Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысымен бірге қажылық сапарда болғандар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының өнер қайраткері, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников, хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, митрополиттің көмекшілері П.В. Соколов пен И.Е. Яценко.
Көне монастырь қабырғасында қазақстандық иерархты қарсы алғандар: Кострома митрополиясының басқарушысы митрополит Ферапонт, Галич және Макарьев епископы Алексий, сондай-ақ монастырь басшысы игумения Иннокентия (Травина).
Митрополит Александр монастырьда сақталған қасиетті жәдігерлер алдында дұға етті. Олардың ішінде Саровтық қасиетті Серафимнің шәкірті, Надеевтік қасиетті Тимонның киелі жәдігерлері және XVII ғасырдың көрнекті икона жазушысы Гурий Никитин салған Құдай Анасының ғажайып «Смоленск» икона-фрескасы ерекше орын алады.
Одан кейін митрополит Александр мен митрополит Ферапонттың кездесуі өтті.
Кездесу барысында костромалық архипастырь Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысына митрополия өмірі туралы, атап айтқанда, қала кремлінің біртұтас сәулеттік ансамблін жаңғыртудың жаңа кезеңі – Успен соборы мен Қасиетті қақпаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жайында әңгімеледі. Сондай-ақ әмірші Ферапонт Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Ханты-Мансий митрополиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай Көктегі Патшайымның ғажайып Феодоров иконасы жеткізілген сапардан алған әсерлерімен бөлісті.
Өз кезегінде митрополит Александр Вятка жеріне жасаған қажылығы және Мир Ликиядағы архиепископ, әулие Николайдың ғажайып бейнесінің табылуына арналған Великорецк мерекелеріне қатысуы туралы айтып берді.
Тараптар Қазақстан Митрополиттік округі мен Кострома митрополиясы арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сол күні Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы Мәскеуге аттанды. Ресей астанасында митрополит Александр Митрополиттік округ Өкілдігінің қызметіне қатысты бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр