2026 жылғы 14 маусым – қасиетті Иоанн Кронштадтскийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) Лисаковск қаласындағы престолдық мерекесін атап өткен Иоанн Кронштадтский атындағы храмда Құдайлық Литургияны өткізді.
Хатшы әкеге қызмет еткендер: Лисаковск қаласындағы қасиетті Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Олег Калмыков пен диакон Тарасий Такенов.
Құдайға мадақ әндерін Қостанай қаласындағы Константино-Еленинский кафедралды соборының хоры Е. Якушеваның жетекшілігімен орындады.
Литургияның соңғы дұғасынан кейін храмды айнала крест шеруі өткізілді.
Литургия соңында хатшы әке дін қызметкерлері мен жамағатты престолдық мерекемен құттықтап, уағызын айтты.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері және мерейтойлық туған күніне байланысты иеромонах Геннадий приход басшысы протоиерей Олег Калмыковқа Верный және Жетісу епископы қасиетті азап шегуші Пимен медалін табыс етті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр