ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
23.06.2026, 13:00

Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте қалатын тұлғалар – Вятка және Слободской өлкесінің алғашқы митрополиті Хрисанфқа және схиигумения Макарияға (Травина) арнап лития жасады

Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте қалатын тұлғалар – Вятка және Слободской өлкесінің алғашқы митрополиті Хрисанфқа және схиигумения Макарияға (Травина) арнап лития жасады

23 маусым 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосифтің (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығындағы Александро-Невский шағын шіркеуінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Вятка және Слободской өлкесінің алғашқы митрополиті Хрисанфты (Чепиль) және Кострома митрополиясындағы Спасо-Преображенский Макариево-Писемский монастырының ұзақ жылдар бойы игумениясы болған схиигумения Макарияны (Травина) еске алып, лития жасады. Биыл анамыз Макарияның дүние салғанына 10 жыл толып отыр.

Марқұмдарға арналған құлшылықта дұға еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі орынбасары иерей Кирилл Коноплев, бөлім қызметкері иерей Владислав Пашков; протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий және епархиялық басқарма қызметкерлері.

Қызмет барысында Алматы епархиясының ерлер хоры ән салды.

Митрополит Александр жиналған қауымға арнап сөз сөйлеп, марқұм архипастырь мен анамыз Макарияның шіркеу игілігі жолындағы еңбектерін ризашылықпен еске алды.

Литияның соңында дін қызметкерлері мен сенушілер «Мәңгілік естелік» дұғалы әнін орындады.

Вятка жерінің алғашқы митрополиті болған марқұм иерархтың өмірі мен қызметі Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың «Сенім адамы және Шіркеу адамы» атты мақаласында кеңінен баяндалған.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді