2026 жылғы 24 маусым – қасиетті елшілер Варфоломей мен Варнаваны еске алу күні.
Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава Павлодар епархиясының басты храмы – Павлодар қаласындағы Қасиетті Құдай Анасының Ізгі Хабары құрметіне арналған кафедралды соборда Құдайлық Литургияны басқарды.
Павлодар епархиясын басқарушысына қызмет еткендер: Екібастұз шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Игорь Попов; Павлодар қаласындағы Христо-Рождественский храмының кілтшісі протоиерей Константин Кутасевич; епархиялық басқарманың хатшысы және Павлодар шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Алексий Степанов; Тереңкөл шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Владимир Трубаченко; Песчаное ауылындағы Илия пайғамбар храмының басшысы протоиерей Олег Миронов; Успенка ауылындағы Успение храмының басшысы протоиерей Виктор Демитриченко; Благовещение кафедралды соборының клиригі иерей Сергий Голубничий; Петропавл храмының клиригі, осы аттас әйелдер монастырі жанындағы иерей Александр Малыгин; Шарбақты ауылындағы Әулие Елизавета храмының басшысы иерей Вячеслав Фоменко; Ақсу қаласындағы Әулие Николай храмының басшысы иерей Димитрий Ронин; Екібастұз қаласындағы Иверско-Серафимовский соборының клиригі иерей Анатолий Басалаев; Павлодар қаласындағы Әулие Николай храмының басшысы иерей Димитрий Аркаев; Ертіс ауылындағы Әулие Александр Невский храмының басшысы иерей Андрей Андреев; Железинка ауылындағы Қасиетті Үштік храмының басшысы иеромонах Павел (Кузякин); Солнечный кентіндегі Ресей жерінде даңқы жайылған Бүкіл әулиелер храмының басшысы иерей Василий Ткачук; диакон Амвросий Таукенов және диакон Валерий Доброконь.
Литургия қасиетті елшілер Варфоломей мен Варнаваға мадақ айту рәсімімен аяқталды. Одан кейін дін қызметкерлері мен жамағат атынан протоиерей Алексий Степанов архипастырға құттықтау сөзін арнады.
Архиепископ Варнава есім күніне орай айтылған құттықтаулар үшін дін қызметкерлері мен сенушілерге шынайы ризашылығын білдіріп, уағызын айтты.
Павлодар епархиясын басқарушысвнцң атына Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтау жолдады:
«Осы мерекелі күні Сізбен бірге бұл қуанышты бөлісе отырып, жан мен тәнге сарқылмас күш-қуат, Құдайдың рақымына толы бейбітшілік, рухани шаттық және Қазақстанның қасиетті жеріндегі архипастырлық қызметіңізде Құдайдың құдіретті жәрдемі әрдайым серік болуын дұға етіп тілеймін»
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр